Қазақстан шетелдік инвестиция көлемі бойынша әлемде алтыншы орынға ие болды

Рейтингте Камбоджа елі көш бастап тұр. 

Қазақстан шетелдік инвестиция көлемі бойынша әлемде алтыншы орынға ие болды  Фото: inbusiness.kz

FDI Intelligence компаниясының сарапшылары Азия, Африка, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінің инвестициялық тартымдылығына зерттеу жұмыстарын жүргізді. Тізімде Қазақстан алтыншы орынды иеленді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты fdiintelligence.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кету керек, зерттеу ТШИ-дің (тікелей шетелдік инвестициялар) әлемдегі ең ірі 50 бағыты бойынша, тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) макроэкономикалық көрсеткіштері мен траекторияларын бағалайды. Сарапшылар Ішкі істер министрлігінің деректерін және FDI Markets шетелдік инвестициялар мониторингін есепке алды. Зерттеу жұмыстары жаңа жылға жақсы макроэкономикалық серпін беріп, тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) көрсеткіштерімен рейтингке кіретін елдерді көрсетеді.

Жалпы, 2023 жылы Азия алты елді бірінші ондыққа қосу арқылы жақсы нәтиже көрсетті. Рейтингте бірінші орынды Камбоджа елі иеленді, одан кейін Филиппин, Ирак – төртінші, Қазақстан – алтыншы, Әзербайжан – жетінші және Үндістан оныншы орынға ие болды. Ал үздік ондыққа Африканың үш елі де кірді. Соның ішінде Кения – үшінші, Намибия – бесінші және Марокко-сегізінші орынды иеленуде.

Сонымен қатар, 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсімі 2023 жылғы 5,6%-дан 6,1%-ды құрайды деп болжанып отыр.

"Камбоджа келесі жылы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең жылдам дамып келе жатқан экономикаға айналады және инфляция 2023 жылғыдай 3% деңгейінде сақталады" - деп түсіндірді Халықаралық валюта қоры.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу