Қазақстан шетелге 1 млрд теңгеге бензин сатты

594

Бензинге қарағанда дизель отынына сұраныс жоғары.

Қазақстан шетелге 1 млрд теңгеге бензин сатты

Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, 2019 жылдың бірінші жартысында Қазақстан шетелге 6,3 мың тонна бензин экспорттаған. Нәтижесінде жанармайдың осы түрін сатудан 1 млрд теңге табыс түскен. Ал дизель отынын экспорттаудан түскен табыс көлемі одан бес есе көп. Яғни, шет мемлекеттерге 5,5 млрд теңге дизель сатылған.

Қазақстандық жанармайдың басты тұтынушысы – Ресей. Аталмыш мемлекет бізден – 13,1 мың тонна, яғни, 2,5 млрд теңгеге дизель сатып алған. ТМД мемлекеттерінен бөлек отандық жанармай Аргентина мен Сенегалға экспортталған.

Өзге жанар-жағармай түрлерінен шет елге 1,9 млн тонна (255,4 млрд теңге) мазут пен 15 млрд текше метр (578,8 млрд теңге) табиғи газ сатылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу