Қазақстан ШЫҰ-ның энергетикалық ынтымақтастығын дамытуға қолдау білдірді

236

 Іс-шараға Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов қатысты.

Қазақстан ШЫҰ-ның энергетикалық ынтымақтастығын дамытуға қолдау білдірді Фото: gov.kz

Бішкек қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Энергетика министрлерінің 6-шы кеңесі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетикалық нарықтарды дамыту, инвестициялық ынтымақтастықты нығайту және энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Отырыста сөз сөйлеген Санжар Жаркешов ШЫҰ-ның энергетика саласындағы заманауи сын-қатерлерге бірлескен жауаптар әзірлеу және ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы практикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін тиімді алаң ретіндегі маңызын атап өтті.

Кездесу барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2030 жылға дейінгі энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясын және оны іске асыру жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан электр энергетикасы, мұнай-газ және көмір өнеркәсібі, мұнай-газ химиясы, жаңартылатын энергия көздері, энергия тиімділігі және заманауи технологияларды енгізу салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.

Қазақстан тарапы сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды дамыту, кен орындарын барлау және игеру, көмірсутек шикізатын өңдеу, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту және орнықты энергетикалық көшу бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар саланың ғылыми-техникалық және кадрлық әлеуетін нығайту, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бейінді ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын іске асырудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты экономикалық өсімі мен энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында энергетика саласындағы серіктестікті нығайтуға бейілділіктерін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу