Қазақстан СІМ басшысы Оңтүстік Кореяның елшісін қабылдады

471

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Корея Республикасының ҚР-дағы елшісі Ку Хонг Сокты қабылдады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан СІМ басшысы Оңтүстік Кореяның елшісін қабылдады

Сұхбаттасушылар екіжақты стратегиялық серіктестіктің жағдайын және оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

М.Тілеуберді аса жоғары деңгейдегі тұрақты саяси диалогты және екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жоғары қарқынын атап өтті.

Екі ел Үкіметаралық комиссиясының 9-отырысын сәтті өткізу сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамытуға қосымша үлес қосты.

Жақын арада өтетін "Орталық Азия - Корея Республикасы" министрлік ынтымақтастық форумына, Қазақстанда Оңтүстік Кореяның инвестициялық жобаларын ілгерілетуге, денсаулық сақтау, білім беру, ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу