Қазақстан Сыртқы істер министрін Түркия Президенті қабылдады

216

Анкараға ресми сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның қабылдауында болды.  

Қазақстан Сыртқы істер министрін Түркия Президенті қабылдады Фото: ҚР СІМ

Сұхбат барысында Р.Т.Ердоған екіжақты ынтымақтастықтың кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейінде қарқынды дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өтіп, екі ел арасындағы көпжоспарлы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытудың маңыздылығына ерекше тоқталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Өз кезегінде Е.Көшербаев Түркия көшбасшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ықыласқа толы ниеттестігін жеткізіп, жоғары және биік деңгейдегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.

Тараптар бауырластыққа және берік достыққа негізделген қазақ-түрік қатынастарын одан әрі нығайту жолдары мен әлеуетін талқылады. Қазақстан мен Түркияның халықаралық ұйымдарда, оның ішінде түркі интеграциясы шеңберінде өзара сенім мен қолдау рухындағы әрекеті, сондай-ақ жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша қөзқарастарының ұқсастығы жоғары бағаланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу