Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Путиннің Астанаға сапарын растады

476

Қазақстан Ресей президенті Владимир Путиннің АӨСШК саммитіне, ТМД мемлекеттері басшыларының отырысына, сондай - ақ "Орталық Азия-Ресей" саммитіне қатысу үшін Астанаға келетіні расталды, деп хабарлады қазақстандық СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров. 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Путиннің Астанаға сапарын растады

"Иә, іс-сапар расталды, мен айтқан барлық іс-шараларға Путин қатысады: АӨСШК, ТМД, "Орталық Азия-Ресей", - деді Смадияров дүйсенбіде өткен брифингте 
Ресей президенті Владимир Путин Астанадағы алдағы халықаралық іс-шараларға қатыса ма деген сұраққа жауап бере отырып.

Бұған дейін 13 қазанда Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VI саммиті өтетіні хабарланған болатын. Форум аясында Қазақстан Президенті мемлекеттер мен үкіметтердің басшыларымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

14 қазанда Қазақстан Президенті Республиканың төрағалығымен өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Сол күні "Орталық Азия - Ресей" саммиті өтеді.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу