Қазақстан тарихының көптомдығын дайындау жөніндегі редакция алқасының жиыны өтті

103

Редакция алқасының алдында тұрған басты міндет – көптомдықтың мәтінін, оған енгізілген карталар мен иллюстрациялық материалдарды түпкілікті сараптау және бекіту.

Қазақстан тарихының көптомдығын дайындау жөніндегі редакция алқасының жиыны өтті Фото: Ақорда

Бүгін Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен "Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін" атты академиялық жетітомдықты дайындау жөніндегі редакция алқасының жиыны өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алқа құрамында көптомдықтың жетекшілері мен авторлары, Ұлттық музей, Орталық мемлекеттік архив, Ұлттық тарихшылар конгресінің басшылығы, академиктер, тарихшы ғалымдар, этнология, тарихи география, архив ісі, филология салаларындағы жетекші мамандар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттарының және жоғары оқу орындарындағы тарих кафедраларының өкілдері бар.

Жиын барысында алқа жұмысының жоспары талқыланды. Соған сәйкес маусым айынан бастап әр томның қолжазбасы кезең-кезеңімен мұқият тексеріліп, беттеу жұмыстарына жіберілетін мәтіннің соңғы нұсқасы бекітілуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу