Қазақстан тәуелсіздік алғалы халық саны қаншалықты өсті

1342

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистикасы бюросының халықтың ағымдағы есебі деректеріне сәйкес 2021 жылғы 20 маусымда Қазақстанның 19-шы миллион тұрғыны дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстан тәуелсіздік алғалы халық саны қаншалықты өсті

Еліміздің 19-шы миллион тұрғыны ретінде Азаматқызы Жания анықталды.
Азаматқызы Жания Алматы қаласында туған. Отбасында 4-ші бала. Туу туралы актісіне сәйкес нәрестенің ата-анасы Алматы облысы Іле ауданы Чапаево ауылында тұрады. Анасы - Назгүл Балтабайқызы Көбентаева. 1986 жылы туған, әкесі - Азамат Әбілғаппарұлы Нұрғалиев,1982 жылы туған.

"19-шы миллион тұрғынды анықтау барлық демографиялық оқиғаларды: табиғи қозғалыс өсімін (белгілі бір кезеңде тірі туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) және халықтың көші-қон айырымын (еліміздің аумағына белгілі бір кезеңде келгендер саны және оның шегінен тыс кеткендер саны арасындағы айырма) ескеріп жүргізілді. Кандидатура жалпы республика бойынша тұратын жеріне тәуелсіз анықталды", делінген хабарламада.

Жалпы, тәуелсіздік жылдары ішінде халық саны 2557,9 мың адамға (15,5%) өсіп, ағымдағы жылғы 1 шілдеге 19009,6 мың адамды құрады.

Аян Бекенұлы 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу