Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Елшісі Йоав Быстрицкиді қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кездесу барысында тараптар көпқырлы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, сондай-ақ одан әрі тереңдетуге өзара мүдделілігін растады.
Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жайлы пікір алмасты.
Өз кезегінде, Е.Көшербаев Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдіріп, бейбіт келіссөздер өткізу үшін Түркістан қаласын ұсынуға дайын екенін жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу