Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрдің сөзінше, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға сапары кезінде мұнай өнімдерін жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген. Тиісті келісімге екі елдің энергетика министрліктері қол қойғаны белгілі болды.
"Энергетика министрлігі қараша айына арналған жоспарда 20 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізу мүмкіндігін қарастырды. Екі елдің коммерциялық құрылымдары бұл мәселені пысықтап, логистика мен сату бағасын келіседі", – деді ведомство басшысы.
Айта кету керек, бұған дейін жылыту маусымы штаттық режимде өтіп жатқанын жазғанбыз.