Қытайдың Мемлекеттік даму банкі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына 180 миллион юань көлемінде алғашқы несие берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жалпы несие Қазақстандағы теміржол тасымалы жүйесін жақсартуға бағытталады. Аталған қаражат 200 локомотив сатып алуға жұмсалмақ.
2024 жылдың ақпанында Қытайдың Мемлекеттік даму банкі мен Қытайдың импорт-экспорт банкі негізін қалаған банк консорциумы ҚТЖ-мен 3,56 млрд юань көлеміндегі несиелік келісімге қол қойған болатын. Бұл қаражат Қытайдың CRRC Co., Ltd. компаниясынан 200 локомотив сатып алуға бағытталуы тиіс.
"Қытай ұлттық валютасы юаньмен трансшекаралық қаржыландырудың айырбас бағамымен байланысты артықшылықтары арқылы қазақстандық кәсіпорынға тиімді әрі төмен шығынды қаржыландыру тетігі ұсынылды", – деп мәлімдеді Қытайдың Мемлекеттік даму банкі.