"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

604

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ Басқарма төрағасының трансформация және цифрландыру жөніндегі бірінші орынбасары қызметіне Әнуар Ахметжанов тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан темір жолы" ҰҚ" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Әнуар Ахметжановтың цифрлық даму саласында мол тәжірибесі бар. "Самұрық-Қазына" АҚ портфельдік компанияларында және мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды атқарған. "ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметке тағайындалғанға дейін ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі және жауапты хатшысы болды.

Әнуар Ахметжанов "Болашақ" бағдарламасы бойынша Джонс Хопкинс Университетінің (Вашингтон, АҚШ) түлегі. "Энергетикалық ресурстар және технологиялар", сонымен бірге "Халықаралық қаржы" мамандықтары бойынша магистр дәрежесіне ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу