"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ тұтынушылары үшін тариф төмендетілді

588

Кірме жолдарды ұсыну бойынша қызметтер арзандады. 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ тұтынушылары үшін тариф төмендетілді Фото: inbusiness.kz

Тарифтерді төмендетуге АҚ-ның бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс шараларын орындау жөніндегі міндетті сақтамауы негіз болған, деп жазады inbusiness.kz ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның 2022 жылға арналған инвестициялық бағдарламасының орындалу есебіне жыл сайынғы талдау жүргізу кезінде бұзушылық анықталды. Осыған байланысты "ҚТЖ" ҰК" өз тұтынушыларына 16 млн теңгеге жуық көлемде негізсіз кірісті қайтарады (ҚР ҰБ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып). "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның кірме жолдарды ұсыну қызметтері бойынша бәсекелестік кірме жолдар болмаған кезде тұтынушылары қатарында 370-тен астам заңды тұлға бар. Негізсіз алынған табысты қайтару уақытша өтемдік тарифті енгізу жолымен жүзеге асырылады. Ол Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 129-НҚ бұйрығымен бекітілді.

Қызметтер бөлінісінде тарифтердің төмендеуі:

  • бәсекелестік кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды ұсыну бойынша 192,90 теңгеден 150,78 теңгеге дейін вагон/км (ҚҚС-сыз) немесе 21,83 %;
  • маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ бәсекелестік кірме жол болмаған жағдайда тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну бойынша вагон үшін сағатына 64,42 теңгеден 50,36 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) немесе 21,83% мөлшерінде.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу