"Қазақстан темір жолына" жаңа басшы келді

Осыған дейінгі төрағаның орынбасары шынымен орнын басты.  

"Қазақстан темір жолына" жаңа басшы келді Фото: ҚТЖ

Осылайша, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Талғат Алдыбергенов тағайындалып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Алматы теміржол көлігі инженерлері институтында "Теміржол көлігінде тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша білім алған.

Сонымен қатар, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының "Экономика" бағыты бойынша магистрі атанды.

Ал 2002 жылдың 31 қазанында Қазақ көлік және коммуникация академиясы экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

Еңбек жолын теміржолда тауар кассирі болып бастады.

1992 жылдан бастап Батыс Қазақстан темір жолы Орал бөлімшесінің Қазақстан ст., станция бастығының жүк жұмысы жөніндегі орынбасары, тасымалдау, жүк және коммерциялық жұмыс бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды. 1997 жылы "Қазақстан темір жолы" РМК – "Батыс темір жолы" еншілес кәсіпорнында жол коммерциялық ревизоры болып еңбек етті.

Сондай-ақ, әр жылдары түрлі жауапты қызметті атқарды. Мысалы, "Желдорэкспедиция" ДЖТ Ақтөбе филиалы директорының бірінші орынбасары, "Қазақстан темір жолы" РМК Ақтөбе тасымалдау бөлімшесі" филиалы ДЦФТО директоры, "Қазтранссервис" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры, "Қазмұнайгаз" сауда үйі" АҚ көлік департаментінің директоры, "Кедентранссервис" АҚ президенті, "АвтоГазАлматы" ЖШС басқарма төрағасы және "Kazakhmys Maker" ЖШС басқарма төрағасы қызметтерінде болды.

Соңғы тағайындауға дейін Талғат Алдыбергенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу