Қазақстан теміржол арқылы Қытайға тауар экспортын арттыруда

Жыл басынан бері Қытайға 8,3 млн тонна түрлі жүк тасымалданды. 

Қазақстан теміржол арқылы Қытайға тауар экспортын арттыруда Фото: Baribar.kz

"ҚТЖ" ҰК" АҚ 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы Қазақстан Республикасы мен Қытайдың шекаралас темір жолдары жұмысының қорытындысын шығарды.

Қазақстан теміржол арқылы Қытайға тауар экспортын арттыруда. Қазақстаннан Қытайға 8,3 млн тонна түрлі жүк тасымалданды, бұл өткен жылғы 6 айымен салыстырғанда 37% артық.

Экспорт (2023 жылғы қаңтар – маусым):

  • астық жүктері — 1 млн тонна (> 3 есе)
  • металл кені — 4 млн тонна (> 15%)
  • темір кені — 2,6 млн тонна (> 25%)
  • түсті металдар — 220 мың тонна (> 55%)
  • өсімдік майлары — 75 мың тонна (> 70%)

Импорт (2023 ж. қаңтар - маусым) — 5,4 млн тонна (> 13%):

  • жеңіл автомобильдер — 2022 жылмен салыстырғандағы өсім 13%
  • құрылыс жүктері — 2022 жылмен салыстырғандағы өсім 30%
  • химиялық жүктер — 2022 жылмен салыстырғандағы өсім 5%

Қазақстан Республикасы мен Қытай арасындағы теміржол көлігімен тасымал көлемі 13,7 млн ​​тоннаны құрады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 26% жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу