Қазақстан теміржолы компанияның сыртқы қарызы 2 трлн теңгеге жетті

1447

Қазақстан теміржолы қарызға батты. Компанияның сыртқы берешегі 2 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қазақстан теміржолы компанияның сыртқы қарызы 2 трлн теңгеге жетті

Бірақ кімнен және не үшін алғаны белгісіз. Мәселені көтерген сенатор Сағындық Лұқпановтың сөзінше, соңғы 5 жылда мемлекет қазынасынан да 171 млрд теңге бағытталған. Алайда теміржол одан гүлдене қоймады. Жол бойындағы күрделенген мәселелер шешілмеді. Вагондардың көбі тозған. Сатып алынғандары талапқа сай емес деді депутат. Қарыздың кесірінен компания қазір құнды қағаздарын да сатылымға қоя алмай отыр.

Вице-премьер Әлихан Смайловтың сөзінше сол себепті IPO-ға шығу процесі 2023 жылға шегерілді. Қарыздануға не түрткі болғандығын білу үшін мекеме өкілдеріне хабарластық. Ресми хат жолдауларын өтінді. Мәселенің жай-жапсарын түсіндіріп беретін Қазақстан теміржол компаниясының басшысы Сауат Мыңбаев қазір ауруханада жатыр. Бұған дейін спортпен айналысу кезінде жарақат алғандығы туралы хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу