Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша ЕИБ-пен ынтымақтастықты кеңейтпек

277

Тараптар көлік инфрақұрылымын жаңғырту, автомобиль жолдары мен теміржол саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша ЕИБ-пен ынтымақтастықты кеңейтпек Фото: Көлік министрлігі

Астанада Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) Вице-президенті Марек Мора арасында кездесу өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесу барысында тараптар көлік саласындағы қазіргі ынтымақтастықты және оны одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға және Азия мен Еуропа арасындағы көлік байланысын нығайтуда маңызды рөл атқаратын Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамытуға ерекше назар аударылды.

Автомобиль жолдары саласында іске асырылып жатқан жобаларды жалғастыру, жаңа жобаларды пысықтау және теміржол саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері жеке қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті нығайтуға және перспективалы көлік жобаларын бірлесіп пысықтауды жалғастыруға мүдделі екенін растады. Қазақстан тарапы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін қажетті үйлестіру жұмыстарын қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу