Қазақстан тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингінде 82-орында

1392

Елде үйді жалдау құны бір жылда 18%-ға өскен.

Қазақстан тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингінде 82-орында

Тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингісінде Қазақстан 107 елдің арасында 82-орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғын үйді жалға алу құны қымбат елдер рейтингісінде (қаланың орталығында орналасқан тұрғын үй, бір жатын бөлмесі бар) еліміз 107 орынның 82-сін иеленді. 

АҚШ-та үйді жалдау құны – 303,85 доллар.

Әлемдегі ең қымбат үйлер Гонконг, Сингапур және БАӘ-де, ең арзаны Непалда.

ТМД елдері арасында Қазақстанға қарағанда үйді жолдау құны Әзербайжанда арзандау, бір айға – 266,3 доллар. 

Ресейде бір айға үйді жалдау құны – 412,51 доллар. Арменияда – 396,74 доллар, Украинада – 366,11 доллар, Өзбекстанда – 322,27 доллар, Беларусьте – 306,17 доллар.

2021 жылғы желтоқсанда Қазақстанда жайлы тұрғын үйді жалға алу бір жылда 17,5%-ға қымбаттаған (1 шаршы метрі 1,9 мың теңге). 

Алматыда үйді жалдау құны 40,6%-ға көтерілген. Орал мен Шымкентте – 32,5% және 31,3%. Бағаның ең төменгі жылдық өсуі Таразда тіркелді (5,5%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу