Қазақстан Түрікменстаннан газ бен электр энергиясын алатын бола ма?

1707

Елімізге ресми оферта әлі түспеген. 

Қазақстан Түрікменстаннан газ бен электр энергиясын алатын бола ма? Фото: inbusiness.kz

Ішкі нарықтың газ бен электр энергиясына деген қажеттілігін толық қамтамасыз етіп отырмыз. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілші ведомство басшысынан "Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстан Қазақстанға электр энергиясы мен газ жеткізетін болады деп мәлімдеді. Бұл мәселеге қатысты пікір білдіре аласыз ба? Біз бұл ұсыныспен келісеміз бе?" деп сұрады. 

"Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімізбен бірге энергия ресурстарын өзара алмасу және жеткізу бағытында тұрақты түрде консультациялар жүргізіледі. Жалпы алғанда, Түрікменстан электр энергиясын жеткізу мүмкіндігіне ие. Қазірдің өзінде оны Қырғыз Республикасына экспорттайды. Біз өз қажеттіліктерімізді, жөндеу жұмыстарының кестесін ескеретін боламыз. Тұтынушыларымыз үшін коммерциялық тартымдылық тұрғысына қарай түркменстандық әріптестеріміздің электр энергиясы және газ бойынша ұсынысын қарастыруға дайынбыз", - деп жауап берді министр.

Журналистер "Түрікменстан елімізге газды қандай бағамен ұсынып отыр?" деп нақтылады.

"Біз әлі ресми офертаны алмадық. "ҚазМұнайГаз", "KEGOC" компанияларына осы ұсыныстарды пысықтауды тапсыратын шығармыз. Қазіргі таңда біз ішкі нарықтың газ бен электр энергиясына деген қажеттілігін толық қамтып отырмыз. Бұл қосымша ұсыныс сияқты болады", - деп толықтырды Алмасадам Сәтқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу