Қазақстан туризм саласы тұрақты дамып келе жатқан елдер рейтингінде 62-орында

944

Euromonitor International компаниясы туризм саласы тұрақты дамып келе жатқан елдер рейтингін жариялады. Жалпы тізімдегі 99 мемлекеттің ішінде Қазақстан 62-орында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстан туризм саласы тұрақты дамып келе жатқан елдер рейтингінде 62-орында

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасында айтылғандай, Швеция, Финляндия жəне Австрия бұл салада көш бастаса, Ресей Федерациясы 65-ші, Түркия 66-сатыға жайғасқан. ТМД құрамындағы елдерден Беларусь Республикасы 26-шы, Украина 30-шы, Грузия 41-ші орында тұр. Түрікменстан, Тəжікстан, Қырғызстан, Армения мен Молдова рейтингіден тыс қалыпты. Тізім соңында Маврикий (97), Үндістан (98) мен Пәкістан (99) тұр.

Айта кетсек, Euromonitor International компаниясы ғаламдық нарықты тұрақты бақылап, стратегиялық зерттеулер жүргізеді. Өз кезегінде бұл зерттеу нəтижесі халықаралық компаниялар, шағын жəне және орта бизнес өкілдері үшін сенімді ақпарат көзі саналады.

Рейтинг экология, парасаттылық және жауапкершілік сынды принциптерге негізделген. Сала зерттеушілері тұрақты туризм саламен қатар табиғи ресурстарды сақтауды, қоғамдағы əлеуметтік жəне мəдени құндылықтарды жандандыруды көздейтінін айтады. Туризм саласын тұрақты дамытудың мақсаты - экономикалық өсу және болашақ ұрпақ үшін экологиялық игіліктерді сақтау арқылы халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауына қол жеткізу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу