Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымымен цифрландыру саласында байланысты нығайтуға ниетті

651

Ыстанбұлда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бас хатшысы Бағдад Әміреевпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымымен цифрландыру саласында байланысты нығайтуға ниетті

"Бас хатшы ТМҰ аясында құрылған ақпарат және коммуникация технология (АКТ) платформасына мүше мемлекеттердің саясатын үйлестіруді және әлеуетін тиімді басқаруды күшейту арқылы аймақтық ынтымақтастықты қамтамасыз ететінін атап өтті", - деп жазды Бағдад Әміреев Facebook-тегі парағында.

Ол түркі мемлекеттері арасында электронды қызмет көрсету, цифрлық инфрақұрылым, озық технология және инновация саласында ынтымақтастықты белсенді жүргізу керегін айтты.

Бағдат Мусин түркі мемлекеттерінің АКТ-ны дамытудағы мүмкіндіктері мен әлеуетіне тоқталып, аймақтың одан әрі цифрлық трансформациясы туралы пікір білдірді.

"Сондай-ақ министр IT-инфрақұрылымды бірлесіп жаңғыртуға, электронды қолтаңба саласындағы бастамаларды ынталандыруға, олардың технологиялық шешімдері мен әртүрлі нарықтарда кеңеюі үшін жас стартаптарды ынталандыруға қатысты қйым аясындағы ынтымақтастықты кеңейту керегін атап өтті", - деді Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы.

Сонымен қатар қос тарап биыл 26 мамырда Әзербайжан астанасы
Бакуде өтетін TEKNOFEST-2022 ТМҰ АКТ-ға жауапты министрлердің алдағы кездесуінің күн тәртібін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу