Енді, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ыстанбұл арасында күніне екі рет жолаушылар ұшағы ұшады, деп хабарлайды Atameken Business
Еліміздің азаматтық авиация комитеті маусым айынан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы әуе рейстерінің санын аптасына 5 реттен 6-ға көбейтеді. Қосымша рейстер А320 әуе кемелерімен жүзеге асады.
Сонымен қатар, шілде айынан бастап түркиялық Turkish Airlines компаниясы екі қала арасындағы әуе рейстерін аптасына 5 реттен 7-ге арттыруды көздеп отыр. Осының нәтижесінде аталмыш қалалар арасына қатынайтын ұшақтар аптасына 13 рет жолаушы тасымалдайтын болады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        