Қазақстан, Түркия және Қырғызстан медиация саласында ынтымақтастықты арттыруда

208

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрілігі мәлім етті. 

Қазақстан, Түркия және Қырғызстан медиация саласында ынтымақтастықты арттыруда Фото: gov.kz

Астанада медиация институтын дамыту және түркі елдері арасындағы тәжірибе алмасуға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова, Түркия Республикасының өкілі, Түркі әлемі медиаторлар одағының төрағасы Якуп Эрикел, "Халықаралық құқық қорғау орталығы" РҚБ төрағасы Жанділдә Жақыпов, сондай-ақ Қырғыз Республикасының өкілі Авазбек Шамшиев қатысты.

Гүлбара Сұлтанова өз сөзінде Қазақстанда кәсіби және қоғамдық негізде медиаторлардың қызметін қамтамасыз ететін құқықтық база қалыптасқанын атап өтті. Министрлік жанынан медиаторлар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Бұл кеңес – саладағы жүйелі шешімдер қабылдауға және тәжірибе алмасуға бағытталған тиімді алаң болып саналады.

Бүгінде Қазақстанда 2 500-ден астам кәсіби медиаторды біріктіретін 25 медиаторлар ұйымы тіркелген. Сонымен қатар азаматтарға тегін кеңес беретін 1 800-ге жуық қоғамдық медиатор белсенді қызмет атқаруда.

Кездесу барысында Түркия мен Қырғызстан өкілдері өз елдеріндегі медиация институтын дамыту тәжірибесімен және тиімді тәсілдерімен бөлісті.

Айта кетейік, 15–16 қазан күндері XII Қазақстан азаматтық форумы аясында "Медиация және азаматтық қоғам: өзара байланыс жаңа көкжиектері" атты панельдік сессия өтті. Онда қатысушылар халықаралық тәжірибе, өзекті бастамалар және медиацияны азаматтық диалогтың тиімді тетігі ретінде дамыту перспективаларын талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу