Қазақстан үй жалдау арзан елдердің тізіміне кірді

1099

Қазақстан үйді жалға беру құны рейтингісінде 138 елдің арасында 107-орынды иеленді, деп хабарлайды energyprom.kz.

Қазақстан үй жалдау арзан елдердің тізіміне кірді

Елімізде жабдықталған үйді жалға беру құны 1 жылда 9%-ға, ал жабдықталмаған үйдің бағасы 4%-ға өскен.

2021 жылдың басында тұрғын үйді жалға беру құны рейтингісінде Қазақстан 138 мемлекеттің арасында 107-орынға ие болды. Бұл елімізде үйді жалға беру қолжетімді екенін білдіреді.

Рейтинг қай елдерде үйді жалға беру қымбат немесе арзан екенін көрсетеді. Мысалы, Нью-Йоркте (АҚШ) үйді жалға алу индексі – 100. 

Егер елдің индексі 110 болса, ол Нью-Йоркпен салыстырғанда үйді жалға беру
10%-ға қымбат деген сөз. Қазақстанның индексі - 9,31. 

Үйді жалға беру құны өте қымбат елдер

Көш басында Бермуд аралдары, Гонконг, Сингапур тұр. Мұнда үйді жалға беру өте қымбат. 

Рейтинг бойынша ең арзан үйді Ауғанстанда жалға ала аласыз. 

2020 жылдың желтоқсанында Қазақстандағы жайлы жабдықталған үйді жалға беру құны бір шаршы метр үшін 1,6 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,3%-ға артық.

Өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда жайлы жабдықталған үйді жалға беру құны 1,2%-ға өскен.

Қазақстанда қай өңірлерде үйді жалға беру қымбат?

Елімізде үйді жалға беру Нұр-Сұлтанда (2,9 мың теңге), Алматыда (2,3 мың теңге) және Ақтауда (2 мың теңге) өте қымбат. Ал Семейде (бір шаршы метрі 1,2 мың теңге) үйді жалға беру өте арзан.

Елімізде жайлы жабдықталған үйді жалға берудің орташа құны бір шаршы метр үшін 848 теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5%- ға қымбат.

Бір айда үйді жалдау құны 0,5%-ға өскен.

Жайлы жабдықталмаған (неблагоустроенный) үйді жалға берудің ең жоғары бағасы Алматыда (1,6 мың теңге), Астанада (1,6 мың теңге) және Талдықорғанда (шаршы метріне 1,1 мың теңге).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу