banner

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Халықаралық төлем жүйелері Банкаралық комиссияларды төмендету жөніндегі келісімге қол қойды

570

Ұлттық банк Mastercard және UnionPay төлем карталары арқылы төлемдер бойынша (интерчейндж мөлшерлемелерін) банкаралық ішкі ұлттық комиссия мөлшерлемелерінің  шекті мөлшерін төмендету бойынша бірлескен шаралар қабылдау туралы келісімге қол қойды, деп жазады inbuiness.kz Ұлттық банк таратқан ақпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстан Ұлттық Банкі мен Халықаралық төлем жүйелері Банкаралық комиссияларды төмендету жөніндегі келісімге қол қойды Фото: egemen.kz

Келісім талаптарына сәйкес, Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық төлем жүйелері интерчейндж мөлшерлемелерін бірден 2 есе төмендетуге міндеттеледі.

 "Шекті мөлшерлемелерді кезең-кезеңімен төмендету тәсілі қолданылады. Бірінші кезең 2024 жылы 1 қаңтарда, ал екінші кезең – 2025 жылы 1 қаңтарда басталады: жаппай сегментте (Classic, Gold және басқалары) бірінші кезеңде шекті мөлшерлемелер қазіргіден  (1,80%-2,0%-дан) 1,50%-ға дейін, екінші кезеңде – 1,0%-ға дейін төмендейді; премиум сегментте (Platinum, World және басқалары) бірінші кезеңде қазіргіден (шамамен 2,40%-дан) 1,80%-ға дейін, екінші кезеңде – 1,20%-ға дейін төмендету көзделеді; супер премиум сегментте (Infinite, World elite, Diamond және басқалары) бірінші кезеңде мөлшерлемелер қазіргіден (шамамен 2,45%-дан) 2,0%-ға дейін, екінші кезеңде – 1,40%-ға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Карта төлемдерінде банкаралық комиссиялардың төмендеуі төлем индустриясының одан әрі дамуына оң ықпал етеді және банк комиссияларын төлеуге бизнес субъектілерінің шығындарын қысқартады. Бұл тәсіл қолма-қол ақшасыз төлемдерді одан әрі дамытып, "көлеңкелі экономиканы" әлсіретуде оң әсерін тигізбек.

Анықтама үшін: интерчейндж – сауда-сервистік кәсіпорындарға қызмет көрсететін эквайер-банктер картамен төлем қабылдау кезінде төлем картасы тиесілі эмитент-банкке төленетін эквайрингтік комиссияның бір бөлігі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу