Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің бас ассамблеясы өтті

464

Ұйымның жоғарғы басқару органы бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды.  

Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетінің бас ассамблеясы өтті

 Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясы сырттай өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің Жарғысын жаңа редакцияда бекіту. Әлемдік КВИ пандемиясының қазіргі кездегі жағдайын ескере отырып, Жарғы Бас Ассамблея мен Атқарушы комитеттің онлайн-форматы туралы жаңа ережелер енгізді. Осы тұрғыда Халықаралық Олимпиада комитеті тиісті ұсыныстарын жеткізді.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қызметіндегі негізгі басымдық ұлттық құрама мүшелерінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға беріледі.

Сонымен қатар Бас Ассамблеяның жұмысы барысында кейбір федерациялардың мүшелік мәселелері қаралып, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің 2019 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есебі бекітілді.  

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті Олимпиадалық хартияға сәйкес Олимпиадалық қозғалысты дамыту және қорғау, Қазақстан аумағында олимпиадалық құндылықтарды, атап айтқанда, құрмет, достық және артықшылықты насихаттау мақсатында құрылды. Ұлттық Олимпиадалық комитеттің тағы бір мақсаты – жоғары деңгейдегі қазақстандық спортшыларды Олимпиада ойындарына қатысуға дайындау арқылы Қазақстан Республикасының жоғары жетістіктерінің спорт түрлерін дамыту. Қазақстан ҰОК Президенті – Тимур Құлыбаев.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің Бас ассамблеясы

Бас ассамблея – Олимпиадалық спорт түрлері бойынша 36 ұлттық федерацияны, сондай-ақ спортшылар комиссиясының екі өкілін қамтитын Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің жоғарғы басқару органы. Бас ассамблеяның отырыстарын Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің Төрағасы жүргізеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу