Қазақстан университеттерінде 31,5 мыңға жуық шетелдік студент оқиды

163

Елде 127 ЖОО жұмыс істейді.

Қазақстан университеттерінде 31,5 мыңға жуық шетелдік студент оқиды Фото: gov.kz

Есептеулер бойынша орташа алғанда бір шетелдік студент ел экономикасына жылына 8 мыңнан 20 мың долларға дейін үлес қосады. Бұл туралы сенатор Бибігүл Жексенбай айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда 127 жоғарғы оқу орны жұмыс істейді. Оның 58-і – жекеменшік. Елде шамамен 31500 шетелдік студент білім алып жатыр. Президент бұл көрсеткішті 2029 жылға қарай 100 мыңға жеткізу мақсатын қойды. Олардың саны артқан сайын білім беру мекемелерінің жалпы табысы да артатыны анық. Есептеулер бойынша орташа халықаралық студент ел экономикасына жылына 8 мыңнан 20 мың долларға дейін үлес қосады. Ал шетелдік азаматтар үшін оқу ақысы әдетте жоғары", – деді Бибігүл Жексенбай Сенаттың жалпы отырысында.

Депутат құзырлы орган отандық университтерге халықаралық студенттер ағынын арттыру мақсатында қандай шаралар көзделгенін сұрады.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловтың сөзінше, елімізде шетелдік студенттерді тарту мәселесі министрліктің стратегиялық жоспарларының қатарына енгізілген. 

"Бүгінгі таңда барлық ЖОО-лардың даму стратегияларының ішінде шетелдік студенттердің үлесін көтеру жоспарланып отыр. Оған Токио конвенциясының ратификациялау көп көмегін береді. Екіншіден, барлық университеттерде шетелден келетін студенттердің талаптарына сай мүмкіндіктер берілген", – деп жауап берді ведомство өкілі.

Айта кету керек, бұған дейін сенатор Геннадий Шиповских әлеуметтік желідегі агрессивті жарнаманың таралуына қатысты мәселе көтергенін жазғанбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу