Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті жанкүйерлерді жаңа жылмен құттықтады

1130

Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулғазин спортшылар мен жаттықтырушыларды, спорт жанашырларын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.   

Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті жанкүйерлерді жаңа жылмен құттықтады

"Сіздерді келе жатқан 2021 жылмен құттықтаймын! Өтіп бара жатқан 2020 жыл бәрімізге, оның ішінде спорт әлеміне оңай болған жоқ. Өзгерістерді бүкіл олимпиада әлемі сезінді. Токиодағы (Жапония) жазғы Олимпиада ойындары кейінге қалдырылды, Пусанда (Корея) үстел теннисінен командалық әлем чемпионаты өткізілмеді. Қауіпсіздік мақсатында біздің команда 10 айды жарыссыз өткізді. Бірақ спортшыларға қойылған шектеулерге қарамастан, үстел теннисі федерациясының командасы іс жүзінде өз қызметін тоқтатпады, болашақ жеңістердің негізін қалай берді.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетімен, еліміздің Мәдениет және спорт министрлігімен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаларымен, сондай-ақ облыстық федерациялармен ынтымақтастықта көптеген ірі жобалар жүзеге асырылды. Бұл бізге осы жылы ең табысты және іскер республикалық федерациялардың бірі болып қалуға мүмкіндік берді.

Жыл аяғында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен Қарағандыда барлық әлемдік стандарттарға сай келетін бірегей "САРЫАРҚА" үстел теннис орталығы ашылды. Заманауи орталықтың ашылуын ITTF Халықаралық үстел теннисі федерациясы да атап өтіп, біздің кешеннің ашылуымен құттықтады.

Мамандандырылған үстел теннисі залдары Шымкент, Түркістан, Көкшетау, Қарқаралы және Тереңкөл (Павлодар облысы) қалаларында ашылды. Аймақтарда үстел теннисі секцияларының саны артып келеді. Атап айтқанда,  Алматыдағы Олимпиадалық резервті даярлау орталығында, Көкшетау, Қызылорда, Атбасар қалаларындағы спорт мектебінде жаңа үйірмелер есігін ашты.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында үстел теннисі Ұлттық мектеп лигасының бағдарламасына енгізілген. Елімізде жас теннисшілер арасында командалық біріншілік ұйымдастырылады. Ол мектепішілік, аудандық, қалалық (облыстық) және республикалық (ақтық) жарыстар болып, төрт кезеңде өтеді.

Ұлттық құраманың көшбасшысы Кирилл Герасименконың жетістіктерін айтпасқа болмайды.  Ол Қазақстан тарихында тұңғыш рет беделді халықаралық "Spanish Open" турнирінің жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар, біз халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастықты арттырдық. Халықаралық тәжірибе алмасу үшін және спортшыларымыздың кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында "ZHENGDING" Халықаралық үстел теннисін оқыту орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Еліміздің бес спорт төрешісі Халықаралық үстел теннисі федерациясының "Жоғары нәтижелер және даму" бағдарламасына қатысып, халықаралық төрешілер санатын алу үшін онлайн тестілеуден сәтті өтті.

Құрметті спорт сүйер қауым, өтіп жатқан жылдың жалпы тенденциясына қарамастан, өздеріңіз көріп отырғандай, Қазақстанның үстел теннисі федерациясы жылды өте белсенді өткізіп, іргетастарын нығайтып, болашақ жеңістерге мүмкіндіктер мен жағдайларды жақсартты және балалар мен бұқаралық спортты дамытты. Келесі жыл біздің спорт үшін одан да табысты болатынына сенімдімін.

Біздің үстел теннисі атты үлкен отбасымызға денсаулық пен амандық, спортшыларымыз бен жаттықтырушыларымызға жаңа спорттық биіктерді бағындыруды тілеймін! Алға қойған барлық мақсаттарыңыз орындалып, жоспарларыңыз жүзеге асып, армандарыңыз орындалсын. Бақытты болыңыз! Жаңа жылыңызбен!"

ҚР Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулғазин 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу