Қазақстан XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындарына дайындалуда

162

Биыл XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары 15-26 қараша аралығында Токиода өтеді.

Қазақстан XXV Жазғы Сурдлимпиада ойындарына дайындалуда Фото: nazarmedia.kz

Қазіргі таңда ұлттық құрама Сурдлимпиада ойындарына дайындықтың шешуші кезеңінде.

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің президенті Серік Сәпиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, сурдоспортшылар еліміздің абыройын халықаралық аренада абыроймен қорғап келеді.

"Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан спортшылары сегіз Сурдлимпиадаға қатысып, 42 медаль жеңіп алды, оның ішінде 8 алтын, 8 күміс және 26 қола. 2022 жылы Бразилияда өткен ойындарда ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 13-орынға ие болды", – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу