Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі көрсеткішін 12 сатыға жақсартпақ

892

Қазақстан 2018 жылғы дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 45-орынды иеленуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды abctv.kz.

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі көрсеткішін 12 сатыға жақсартпақ

"Былтыр біздің ел жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 137 мемлекеттің ішінен 57-орынды иеленді. Биыл аталған көрсеткішті 12 сатыға жақсартып, 45-орынға көтерілуді көздеп отырмыз", – деп мәлімдеді ұлттық экономика вице-министрі Мадина Жүнісбекова сыртқы істер министрлігінде өткен жиында.

Оның айтуынша, көрсеткішті жақсартуға "Институттар" факторы қомақты үлес қоспақ. Өйткені, Қазақстан аталған фактор бойынша 13 сатыға көтерілуді жоспарлауда.

"Соңғы жылдары мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларына тексеру жүргізіліп, бизнеске қатысты әкімшілік кедергілер мен реттеу жүктемелерінің саны айтарлықтай азайды. Сондай-ақ елімізде мемлекеттік қызмет түрлерін цифрландыру жүріп жатыр. Осының барлығы Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі жағдайын жақсартуға өз септігін тигізуі керек. Жалпы рейтингті жақсарту үшін ел үкіметі бизнес-қауымдастықпен бірлесіп ауқымды жұмыстар атқаруда", – деді вице-министр.

Еске сала кетейік, Қазақстан дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне 2006 жылдан бері қатысып келеді. Рейтинг 114 индикатордан (34-і статистикалық, 80-і сауалнама түрінде) тұрады. Олар 12 факторға біріктірілген.

Қазақстан 2017 жылы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 57-орынға ие болды. Бұл 2016 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 сатыға төмен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу