Қазақстан жаңа астықтың 5 миллион тоннасын экспорттап үлгерді

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.  

Қазақстан жаңа астықтың 5 миллион тоннасын экспорттап үлгерді Фото: eldala.kz

Бұл астықты сыртқы нарықтарға жеткізудің айтарлықтай өскенін айғақтайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан темір жолы" АҚ дерегінше, 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың 15 қаңтарына дейін жаңа астық экспорты 5,1 млн тоннаны құраған.

Салыстырмалы түрде өткен жылдың осы кезеңінде экспорт көлемі 4,3 млн тонна болған еді.

– Қарқынды өсім экспорттың негізгі бағыттары бойынша жоғары деңгей көрсетті. Мысалы, Өзбекстанға астық жеткізу 1670 мың тоннадан 2 341 мың тоннаға дейін, 40,2%-ға, Қырғызстанға 85 мың тоннадан 150 мың тоннаға дейін, яғни 76,5%-ға өсті.

Ауғанстан бойынша да астық экспорты 71,6%-ға артып, 204 мың тоннадан 350 мың тоннаға жетті, – делінген хабарламада.

Негізінен, астық экспорты көлемінің артуы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді.

Сондай-ақ, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және дәстүрлі әрі жаңа нарықтарда қазақстандық астыққа сұраныстың тұрақты екенін білдіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу