Қазақстан жаңа хантавирус инфекциясына қарсы қауіпке әзір

263

Бұл туралы Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Жайдаркүл Отарбекова мәлімдеді.  

Қазақстан жаңа хантавирус инфекциясына қарсы қауіпке әзір Фото: DC Studio / Magnific

Әлемді шулатып жатқан инфекцияны анықтау мен оқшаулауға қажетті жүйе Қазақстанда дайын тұр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жайдаркүл Отарбекованың айтуынша, хантавирус қазақстандық дәрігерлерге бұрыннан белгілі инфекция.

Әуежайлар мен шекаралық өткізу бекеттерінде вирустық инфекцияларды ерте анықтайтын тепловизорлар орнатылған.

Сонымен қатар елде:

  • инфекциялық ауруханалар;
  • оқшаулау орындары;
  • арнайы инфекционист мамандар жұмыс істейді.

Маманның сөзінше, қауіпті инфекция туралы ақпарат түскен жағдайда барлық қызмет жедел әрекет етіп, науқастар бірден оқшауланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу