Қазақстан жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттырмақ

168

Елордада AIF-2025 форумы өтті.    

Қазақстан жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттырмақ Фото: АВИТРЕК

Энергетика министрінің орынбасары Әлібек Жамауов AIF-2025 форумында Қазақстан жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттыруды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.

Сөзінше, Қазақстан жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2030 жылға қарай 15%-ға, 2050 жылға қарай 50%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

"Атом энергетикасына келсек, Қазақстан Бакудегі Дүниежүзілік климат саммитінде 2050 жылға қарай ядролық энергияны пайдалану көлемін 3 есе арттыру туралы халықаралық декларацияға қосылған. Уран өндіру көлемі бойынша әлемде бірінші орында тұрған елімізде атом энергетикасын дамытуға қажетті барлық жағдай бар", - деді Әлібек Жамауов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу