Қазақстан жасөспірімдер олимпиадасында алғашқы алтынға ие болды

512

Бұған дейін қазақстандық спортшылар 3 Олимпиадада 1 күміс, 4 қола жүлде алған еді.

Қазақстан жасөспірімдер олимпиадасында алғашқы алтынға ие болды Фото: Туризм және спорт министрлігі

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 қарсыласпен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль құтты болсын, Қазақ елі! Бұл – Жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш алтын. Жарыстың алғашқы күнінде шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Бастама өте жақсы. Осы алтын медаль барша спортшыларға жұғысты болсын! Құтты болсын!",- деді Ермек Маржықпаев. 

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында Илья Мизерных 214 ұпай жинап, қарсыластарын шаң қаптырды, ал қазақстандық тағы бір қатысушы Илья Шильников 124,4 ұпайға жетіп, 30-шы орынды місе тұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу