Қазақстан жастарының портреті қандай

1453

Парламенті Мәжілісінің ұйымдастыруымен өткен "Қазақстандағы жастар саясаты: өзекті мәселелер мен даму перспективасы" атты дөңгелек үстелде қазіргі жас қазақстандықтардың бейнесіне сипаттама берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz Қазақстандық қоғамдық даму институтына сілтеме жасап.

Қазақстан жастарының портреті қандай

ҚҚДИ жанындағы "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев зерттеулер нәтижесінде анықталған жастар саясаты саласындағы проблемалар туралы айтып, "Жас қазақстандықтың портретіне" тоқталды.

Оның айтуынша, "Жас қазақстандықтың портреті" әртүрлі сала бойынша жастардың талғамы мен мүддесін қамтиды. Бұл талдамалық портретте жастар өмірінің басты үрдістері негізге алынған. Мәселен, 2020 жылғы әлеуметтанулық зерттеу нәтижесі 2017-2020 жылдар аралығында жастар арасындағы негізгі құндылықтардың өзгермегендігін көрсетіп отыр. Құндылықтардың ішінде отбасы, денсаулық және достық алдыңғы қатарда. Оған қоса, жастардың 72,1% үшін құндылықтарының қалыптасуында отбасының негізгі институт екені анықталған.

Сонымен қатар, жастардың 50,7% жылына бір рет профилактикалық тексеруден өтсе, 65% жүйелі түрде спортпен шұғылданады, 21,4% миграцияға дайын болса, 8,8% ғылыми қызметпен айналысады. "Жас қазақстандықтың портреті" осы және демография, денсаулық пен бос уақыт, білім мен ғылым, әлеуметтік-экономикалық жағдай, құндылық бағдар, саяси процеске қатысу, қылмыс және жастар саясаты сияқты өзге де көрсеткіштерден құралған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу