Қазақстан жемқорлық ең аз елдердің рейтингінде соңғы орындарды иеленді

1253

Рейтинг азаматтардың сауалнамаларына негізделген. 

Қазақстан жемқорлық ең аз елдердің рейтингінде соңғы орындарды иеленді Фото: inbusiness.kz

US News 2023 рейтингінде жемқорлық ең аз елдердің санатында Қазақстан 87 мемлекет арасында 75-орында тұр, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

ТМД елдері арасындағы Қазақстанды сыбайлас жемқорлық бойынша Ресей мен Беларусь басып озды. Өзбекстан, Әзербайжан және Украина* елімізге қарағанда жемқорлық аз елдер қатарында.

Жемқорлықтың болмауы тұрғысынан ең үздік елдер – Швейцария, Канада, Швеция, Австралия және Нидерланды. Ал Ресей рейтингті қорытындылады.

Қазақстанда биылғы қаңтар-тамыз айының қорытындысы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 1,2 мың сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл былтырғыға қарағанда 17,7%-ға аз. Оның ішінде 855 жағдай ауыр қылмысқа, 283 жағдай – ауырлығы орташа, 43 жағдай – аса ауыр, 41-і ауырлығы төмен қылмысқа жатқызылды.

Қылмыстың басым көбі пара берумен байланысты болды: 460 жағдай. Одан кейінгі орындарда пара алу (320 жағдай) және алаяқтық (141 жағдай)  қылмыстары бар.

Қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша сотқа 567 сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп айыпталушы берілді. Бұл ретте күдікті деп тану туралы қаулы шығарылғандардың саны 940 адам болды, ал секторда қылмыс жасаған барлығы 748 адам анықталды.

Сотқа берілген адамдар арасында айыпталушылардың 20,8%-ы – мемлекеттік ішкі істер органдарының қызметкерлері: 118 адам.

Одан кейінгі орындарда әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің (101 адам), Қаржы министрлігінің қызметкерлері (31 адам) бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері арасында 1 адам сотқа берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу