Қазақстан жолдарында қанша қытайлық жұмыс істеп жүр

2175

2020 жылы қытайлық компаниялар қазақстандықтарды оқыта бастайды. 

Қазақстан жолдарында қанша қытайлық жұмыс істеп жүр

Үкіметтің баспасөз орталығында республикалық және халықаралық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына арналған брифинг өтті. Шара барысында "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов 50/50 қағидатымен жұмыс істеп жатқан қытайлық компаниялар туралы мәлімет берді.

"Талдықорған-Өскемен жобасында 1215 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Соның 99-ы шетелдік. Қалбатау-Майқапшағайда 1500 адам істесе, соның 200-і шетелдік. Қарағанды-Балқашта 1563 адам жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде 200 адам шетелдік. Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолында жұмыс істеп жүрген 1460 адамның тек 46-сы ғана шетелдік азамат", – деген компания басшысы қытайлық компаниялар келесі жылдан бастап жергілікті адамдарды маман ретінде оқытуға міндет алғанын атады.

"Қытайлық компаниялармен жасалған келісімніңшарты бойынша, олар қазақстандық мамандарды оқыту керек. Қазір сонымен айналысып жатырмыз. Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында керек мамандар жергілікті азаматтар арасынан арнайы оқытудан өтіп, жұмысқа тартылатын болады. Бұл келесі жылы іске асады", – деді  Ұлан Әліпов.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу