banner

Қазақстан жолдарының сапасын бақылау мақсатында 13 мың тексеріс жүргізілген

1379

Автомобиль жолдары комитеті 2019 жылы атқарған жұмыстардың қорытындысын жариялады. 

Қазақстан жолдарының сапасын бақылау мақсатында 13 мың тексеріс жүргізілген

"Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" РМК мамандары Қазақстан жолдарында өткен жылы 13 мыңға тарта тексеріс жүргізіп, 5 мыңнан аса олқылықты анықтаған. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

"Мәселен, өткен жылы Ақмола облысына қарасты Қосшы кентінде ұйымдастырылған рейдке қоғам белсенділері, республикалық арнайы мониторингтік топ пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Тексеріс барысында түрлі олқылықтар анықталып, техникалық қадағалау, субмердігерлік және жобалық ұйымдардың мамандарына әкімшілік айыппұл салынды",– делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, ведомства 2019 жылы Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстары жолдарының  сапасын тексерген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Майқайың-Екібастұз және Жалағаш-Жосалы жолдары қойылған талаптарға сай жасалмағаны анықталған.

Еске сала кетсек, "Ұлттық жол активтері сапасы орталығы" ҚР Үкіметі Қаулысының негізінде 2019 жылы 16 "Обылжолзертхана" РММ мекемелерінің біріктірілуі арқылы құрылған болатын. Орталықты құрудағы мақсат – республикалық маңызы бар жолдардың ғана емес, жергілікті тораптардың сапасын тексеру, оған қатысты активтерді басқару, қауіпсіздігі деңгейін мониторингтен өткізу, жаңа технилогияларды енгізу. Биыл аталмыш кәсіпорын Қазақстан жолдарының сапасын бақылау шараларын күшейте түспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу