Бүгінге дейін ашық сабақтарға 1,8 миллионнан астам оқушы қатысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Оқыту Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен және Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізілуде.
"Балалар сабақтарда пайдалы ақпараттар алып, алған білімдерін күнделікті өмірде қолданады деп ойлаймын. Өйткені мектеп – дұрыс әдеттерді қалыптастыратын ең қолайлы орта. Енді алдағы уақытта жоғары оқу орындарының студенттері үшін де су үнемдеу тақырыбында дәрістер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.