2026 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда теміржол арқылы 12,1 млн тонна астық тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға көп. Былтыр осы уақытта көрсеткіш 11,2 млн тоннаны құраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Есепті кезеңде экспортқа 9,4 млн тонна астық жөнелтілді. Бұл 2025 жылдың алғашқы 10 айындағы көрсеткіштен 11 пайызға жоғары.
Экспорттың басым бөлігі Орталық Азия елдеріне бағытталған. Бұл өңірге 6,2 млн тонна астық жеткізілді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27%-ға жоғары. Атап айтқанда, Өзбекстанға – 4,6 млн тонна, Тәжікстанға – 1,3 млн тонна астық жөнелтілген. Ал Ауғанстанға тасымал көлемі 3,4 есе өсіп, 855 мың тоннаға жетті. Қытайға экспорт 65 пайызға артып, 935 мың тоннаны құрады.
Жаңа егінді тасымалдау жұмыстары да жалғасып жатыр. Қазан айында теміржол арқылы 1,4 млн тонна астық жеткізілген.
Министрліктің мәліметінше, тасымалды үздіксіз қамтамасыз ету үшін 16,9 мың астық тасығыш, 17,8 мың жабық вагон және 2 мыңнан астам локомотив дайын. Сонымен қатар жаңа өнімді уақтылы жеткізуді үйлестіру үшін Астық штабы құрылған. Ол тасымалдау барысын бақылап, туындаған мәселелерді жедел шешумен айналысады.