11 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Астана мен Алматыда жаңбыр, найзағай болып, желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және тұман күтіледі. Кей өңірлерде жел күшейіп, өрт қаупі жоғары және төтенше деңгейде сақталады.
Жетісу, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында жаңбыр мен найзағаймен қатар қатты жел байқалады. Таулы аймақтарда бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.
Қызылорда, Ұлытау және Атырау облыстарында да жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі. Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, найзағай және жел күшейеді.
Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында да найзағай мен жаңбыр күтіліп, кей жерлерде жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.