Қазақстанда 130 мыңнан астам травматологиялық ота тегін жасалады

361

Соңғы бес жылда эндопротездеу операцияларының көлемі шамамен 50%-ға артқан.  

Қазақстанда 130 мыңнан астам травматологиялық ота тегін жасалады Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram

Қазақстанда жыл сайын шамамен 3 млн адам емханаларда, стационарларда және травматологиялық пункттерде медициналық көмек алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның ішінде ТМККК және МӘМС аясында 130 мыңнан астам операция жасалады.

Соңғы бес жылда эндопротездеу операцияларының көлемі шамамен 50%-ға өскен. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл жоғары технологиялық ортопедиялық көмектің халық үшін қолжетімділігінің артқанын көрсетеді.

2025 жылы 1,5 мыңнан астам жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілген. Оның ішінде омыртқаға 300-ден астам операция, 1 мыңнан астам ревизиялық эндопротездеу және ірі буындарға 4,5 мыңнан астам артроскопиялық операция жасалды.

Мұндай операциялар пациенттер үшін тегін жүргізіледі. Негізгі жүктеме еліміздің жетекші бейінді медициналық орталықтарына, оның ішінде Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығына түседі.

Қазіргі уақытта медицинада омыртқа хирургиясындағы навигациялық жүйелер, эндопротездеудегі роботтандырылған технологиялар, буындардың дегенеративті ауруларын емдеудегі жасушалық әдістер және күрделі реконструкциялық операцияларға арналған 3D-жеке импланттар кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр.

Өңірлердегі травматологиялық қызметті дамыту жұмыстары да жалғасуда. 2027 жылға дейін Қазақстанда өңірлік травматологиялық орталықтар желісін құру, шокқа қарсы бөлімшелерді жаңғырту, шұғыл медициналық көмекті және жарақаттың алдын алу шараларын күшейту жоспарланған.

Қазір елде 1 500-ден астам травматолог дәрігер, 81 травматологиялық пункт, 4 мыңнан астам бейінді төсек және 260 медициналық ұйым жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу