Қазақстанда 1300-дей заманауи мектеп пайда болады

Жаңа оқу жылынан бері 130 мыңнан аса оқушы жаңартылған, жайлы және қауіпсіз мектептерде білім алуда. 

Қазақстанда 1300-дей заманауи мектеп пайда болады Фото: Астана қаласының әкімдігі

Алдағы 3 жылда 1300-ге жуық мектептің жағдайы реновация бағдарламасы арқылы жақсара түспек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оқу-ағарту министрлігі бұл қадам елімізде бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымы форматына көшу үшін атқарылып жатқанын айтады. 

– Биыл еліміз бойынша 245 мектепте кешенді реновация жүргізілуде, оның 134-інде жұмыстар толық аяқталған. Жаңа оқу жылының басынан бері 130 мыңнан астам қазақстандық оқушы жаңартылған, жайлы және қауіпсіз мектептерде білім алып жүр, – делінген хабарламада.

Реновация бағдарламасы аясында мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһазындарын жаңарту, талшықты-оптикалық байланыс желілеріне қосу, спортзалдарын, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау, сонымен қатар, мектеп аумақтарын жаңа стандарттарға сай абаттандыру қарастырылып отыр. 

Жоба 3 жылға жоспарланған. Мысалы, 2025 жылы 245 мектеп жаңарғань болса, 2026 жылы 434 мектеп кезек күтіп тұр, ал 2027 жылы 552 мектеп заманауи мектепке айналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу