Қазақстанда 133 мың жұмыс жасамайтын кәсіпорын тіркелген

1044

 Қазақстанда 133 мың жұмыс жасамайтын кәсіпорын тіркелген

ҚР қаржы министрлігінде жұмыс жасамайтын бизнестерді мәжбүрлі түрде жабатын болады, деп мәлім етті қаржы министрлігінің басшысы Бақыт Сұлтанов. Бұл туралы КазТаг хабарлайды.
"Көптеген кәсіпорындар үшін компанияны жабу оны ашқаннан қиынырақ. Бұл жұмыс жасамайтын салық төлеушілердің көбеюіне алып келді. Осыған байланысты заң жобасында (жаңа Салық кодексі жобасында – ҚазТАГ) оларды мәжбүрлі түрде жабудың негізгі талаптары көрсетілген", - деді Б. Сұлтанов сейсенбідегі үкімет отырысы барысында. 
Сонымен, Қазақстанда қазіргі таңда 133 мың жұмыс жасамайтын кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 72 мыңы заңды тұлғалар және 61 мыңы ЖК.  Келесі критерийлерге сай келетін салық төлеушілер мәжбүрлі түрде жабылатын болады:  "бес жыл ішінде жұмыс жасамаған, экспорттық-импорттық операцияларды жасамағандар, мүліктік құқығында салық салатын нысаны жоқтар, ҚҚС төлемшілері болып табылмайтындар", деді Б.Сұлтанов.
Үкіметтің селекторлық жиынында сейсенбі күні министрлер кабинеті әлеуетті салық төлеушілерді қорғауға, экономиканың бірқатар саласын ынталандыруға және әкімшілендіруді жеңілдетуге арналған жаңа Салық кодексінің жобасын мақұлдайды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу