Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді

159

1 тамыздағы жағдай бойынша ел аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14130  шетел азаматы еңбек етеді.  

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік жұмыс істейді Фото: gov.kz

Шетелдік жұмыс күшінің басым бөлігі мына елдерден келген: Қытай – 5 120 адам, Өзбекстан – 2 478 адам, Түркия – 1 042 адам, Үндістан – 1 031 адам, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Айта кетейік, шетелдік жұмыс күшін тарту бірнеше санатқа бөлінеді. Соның ішінде бірінші санат бойынша – басшылар мен олардың орынбасарларына 549 рұқсат, ал екінші санат – құрылымдық бөлімшелер басшыларына 2258 рұқсат берілген.

Негізгі бөлігі мамандар мен білікті жұмысшыларға тиесілі: үшінші санатта – 3786 адам, төртінші санатта – 904 адам.

Бұдан өзге, маусымдық жұмыстарға 2889 шетелдік тартылса, корпоративтік ауысым аясында 3744 адам еңбек етіп жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, қазіргі кезде Қазақстанда 1 899 жұмыс беруші шетел мамандарын пайдаланып отыр.

Бұл ұйымдарда 348 мыңнан астам қазақстандық еңбек етеді, яғни жалпы қызметкерлер құрамының 96%-ын құрайды.

"Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер: құрылыс саласында – 4949 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2 930 адам, тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1369 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1210 адам", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу