Қазақстанда 145 мыңнан астам мейіргер кәсіби мерекесін атап өтпек

333

12 мамыр – Халықаралық мейіргерлер күні.  

Қазақстанда 145 мыңнан астам мейіргер кәсіби мерекесін атап өтпек Фото: kaznovosti.kz

Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде орта буынның 188 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді, олардың 145 мыңнан астамы – мейіргер, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде пациенттерге күтім көрсетіп, саланың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп отырған 145 мыңнан астам маман кәсіби мерекесін атап өтіп отыр.

Мейіргерлер – медицина қызметкерлерінің ең көп санаттағы тобы. Олар пациентті алғашқы қабылдаудан бастап емдеу мен оңалтуға дейінгі барлық кезеңде сүйемелдеп, медициналық көмектің сапасы мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

50 мыңнан астам маман ауылдық жерлерде, ал шамамен 65 мыңы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету деңгейінде жұмыс істейді.

Мейіргерлер созылмалы аурулары бар пациенттерді жүргізуге, профилактикаға, динамикалық бақылауға және консультация беруге қатысып, алғашқы көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға үлес қосуда.

Кадр даярлауды 94 медициналық колледж жүзеге асырады, оның ішінде мейіргер ісі бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын іске асыратын 42 жоғары медициналық колледж бар. Қазіргі таңда колледждерде 109 мыңнан астам студент білім алуда.

Қазақстанда – кіші мейіргерден бастап "бакалавриат – магистратура – докторантура" бағдарламаларына дейін мейіргер ісі мамандарын даярлаудың көпдеңгейлі жүйесі қалыптасқан.

Мейіргерлердің еңбегі медициналық көмектің сапасын арттыру мен халық денсаулығын сақтаудың негізгі факторларының бірі болып қала береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу