Елімізде 1485 мектеп SpaceX интернетіне қосылған

187

Алдағы уақытта Төтенше жағдай министрлігі де Илон Маск интернетіне қосылады.  

Елімізде 1485 мектеп SpaceX интернетіне қосылған Фото: Интерфакс

Министрлік 1883 мектептің 1485-ін SpaceX-тің технологияларын пайдаланып, пилоттық жоба аясында интернетке қосты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетімен жүргізілетін талқылау және келісу шеңберінде біз төтенше жағдайларды жою кезінде интернетке қол жеткізу үшін ТЖ министрлігінің қажеттіліктеріне пилоттық жобаны кеңейтуді жоспарлап отырмыз", — деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Ал Республикалық автожолдарға келер болсақ, оны мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін тиісті цифрлық инфрақұрылым қажет.

"Бүгінгі күні әкімдіктермен 243 антенна-мачталық құрылғылар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. АМҚ құрылысы 2025-26 жылдарға жоспарланған. Бүгінде 13 АМҚ бойынша сараптамалардың оң қорытындылары алынды. 141 АМҚ бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, 84 АМҚ бойынша әкімдіктер биылғы жылдың тоқсанында жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша конкурстық рәсімдерді бастауды жоспарлап отыр", — деді Министр үкімет отырысында.

Қаржы және көлік министрліктеріне, жергілікті атқарушы органдарға тиісті трансферттер бөлу бөлігінде АМҚ құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсыру сұралды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу