Қазақстанда 2 млн теңге жалақы ұсынатын бос жұмыс орындары жарияланды

396

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды.  

Қазақстанда 2 млн теңге жалақы ұсынатын бос жұмыс орындары жарияланды Фото: azh.kz

2026 жылғы шілдеде Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 104,6 мың бос орын жарияласа, жұмыс іздеушілер 141,2 мың түйіндеме орналастырған. Маусыммен салыстырғанда сұраныс 3,8%-ға азайып, ұсыныс (түйіндеме) 11,5%-ға өскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл өзгерісті жаз айларындағы еңбек нарығының маусымдық ерекшелігімен, әсіресе оқу орындары түлектерінің нарыққа белсенді шығуымен түсіндіреді.

Өңірлік көшбасшылар: Ең көп вакансия Астана қаласында (8,8 мың), Түркістан (7,6 мың), Павлодар (7,1 мың) облыстарында, Алматы қаласында (7 мың) және Ақмола облысында (6,9 мың) жарияланды.

Сұраныстың басым бөлігі – 38,8%-ы орта деңгейдегі мамандарға тиесілі. Төмен біліктілік талап етілетін орындар 30,7%-ды, ал жоғары білікті мамандар үлесі 30,5%-ды құрады.

Қазіргі уақытта 11 мыңнан астам вакансия бойынша айлық жалақы 300 мың теңгеден жоғары. Ең жоғары жалақы білікті мамандарға ұсынылады.

Атап айтқанда:

  • IT саласында – 2 млн теңгеге дейін;
  • Өндіріс саласында – 1,7 млн теңгеге дейін;
  • Құрылыс саласында – 1,2 млн теңгеге дейін;
  • Ауыл шаруашылығы мен денсаулық сақтау саласында – 1 млн теңгеге дейін;
  • Білім беру саласында – 750 мың теңгеге дейін жалақы ұсынылады.

Жалпы, 2026 жылдың басынан бері Enbek.kz платформасында 709 мың бос жұмыс орны мен 877,2 мың түйіндеме жарияланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу