Нұрлан Ноғаев Үндістан елшісімен кездесті

695

Нұрлан Ноғаев  Үндістан елшісімен кездесті

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумармен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

"Бүгінгі күні Атырау облысының Үндістанмен тауар айналымы 547 млн долларды құрайды. Өңірде үндістандық капиталдың қатысуымен 20 компания жұмыс жасайды. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасының барлық салаларына инвестициялар тартуға үлкен көңіл бөлуде. Осы факторды ескере отырып, бізде шетелдік инвесторлардың капитал салуын ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктер бар", - деді Нұрлан Ноғаев.

Облыс әкімі инвесторлардың өңірдің қолайлы инвестициялық ахуалына назар аударатынын және жергілікті атқарушы органдар компанияларға бірлескен өндірістерді дамыту үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жасауға дайын екенін атап көрсетті.

Өз кезегінде Үндістан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Атырауға келердің алдында Алматы мен Шымкентте болғанын айтып өтті.

"Менің міндетім екі елдің арасындағы қолайлы қарым-қатынасты дамыту. Экономикалық ынтымақтастықтың да маңызы зор. Қазақстанда біздің еліміздің бизнесінің қатысуымен 200-ден аса компания жұмыс жасайды. Біздің сапарымыздың бағдарламасына қазақстандық тараптың да, үндістандық тараптың да әлеуетті инвесторларымен кездесу енгізілген", - деп атап өтті Прабхат Кумар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу