Қазақстанда 2016 жылғы қаңтар-қарашада ауылшаруашылық өнімін өндіру 4,5%-ға өсті

979

Қазақстанда 2016 жылғы қаңтар-қарашада ауылшаруашылық өнімін өндіру 4,5%-ға өсті

Қазақстанда 2016 жылғы қаңтар-қарашада ауылшаруашылық өнімдерінің өндірісі 3 трлн 410,8 млрд теңгені құрады. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға артық, деп мәлім етті Экономика министрлігінің статистика комитеті.

1 трлн 426,1 млрд теңгенің (өсім 2,4%), малшаруашылығы өнімдері, 1 трлн 975,3 млрд теңгенің (өсім 4%) өсімшаруашылығы өнімдері өндірілген.

1 желтоқсанда ірі қара мал басы 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  2,6%-ға, 6 млн 481,3 мың басқа артқан.

Ешкінің саны 2,3%-ға, 2 млн 399,1 мың басқа, торай 4,8%-ға, 877,3 мың басқа азайған.

Жылқы басы 6,4%-ға, 2 млн 168,3 мың басқа, құс – 4,9%-ға, 39 млн 22, 4 мың басқа, қой – 1,4%-ға, 16 млн 795,8 мың басқа өсті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу